


inDrive пен ЕҚЫҰ-ның ортақ мақсаты – жол жүру мәдениетін арттыру және сапар қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл жоба – күнделікті жұмыста туындайтын мәселелерді шешуге арналған практикалық нұсқаулық.
Курс барысында біз әйел жолаушылармен қарым-қатынас жасаудың «алтын қағидаларын» түсіндіреміз. Бұл білім сізге түсініспеушіліктің алдын алуға, рейтингіңізді көтеруге және кәсіби беделіңізді нығайтуға көмектеседі.
Жоба – Қазақстандағы барлық жүргізушілер мен курьерлерге арналған тегін білім беру бастамасы.

Бұл – күнделікті жұмыста кездесетін мәселелерді шешуге арналған практикалық нұсқаулық. Курс барысында біз әйел жолаушымен қарым-қатынастағы «алтын ережелерді» түсіндіреміз.
Бұл білім сізге түсініспеушіліктен арылуға, рейтингіңізді көтеруге және кәсіби беделіңізді нығайтуға көмектеседі.

Сапар алдында жылы шыраймен сыпайы амандасыңыз.
Әйел жолаушымен жұмыс бабымен ғана сөйлесіңіз, танысуға тырыспаңыз.
Жолаушы өзі әңгіме бастамаса, сөйлемегеніңіз жөн.
Әйел жолаушының отбасы мен жеке шаруасы туралы сұрақ қою – әдепсіздік.
Жүк көтерісіп көмектескенде жолаушының жеке кеңістігін сақтаңыз.
Айна арқылы жолаушыға қадала қарау оны ыңғайсыз күйге түсіреді.
Жолаушының денесіне жанасуға қатаң тыйым салынады.
Орынсыз әзіл мен астарлы сөздің зардабы бар: заң алдында жауап беруге тура келеді.
Егер жолаушы сөз бастаса, қысқа да нақты жауап беріп, назарыңызды жолға аударыңыз.
Сапар аяқталған соң әйел жолаушының нөмірін сақтау, біреуге беру немесе себепсіз хабарласу заңсыз.


