Қауіпсіздік —
бұл тиімді

Рейтингіңізді көтеру, көбірек тапсырыстар алу және жоғары табыс алу үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз. Біз сізге қалай мінсіз жүргізуші болу керектігін айтамыз.

Қолданбаны жүктеу

Тек қана сіз және жолаушылар

Тапсырысты жалғыз орындаңыз және көлікке жолаушылардан басқа ешкімді отырғызбаңыз. Бұл барлығына ыңғайлырақ болады.

Көлігіңізді өзіңіз тізгіндеңіз

inDrive-та аккаунтты басқа адамдарға беруге қатаң тыйым салынады. Тапсырыстарды тек профиліңізден және есептік жазбаңызға қосылған көлікте ғана орындаңыз.

Жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз

Бірқалыпты және абайлап жүргізуге тырысыңыз. Жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз. Бұл жолаушылар үшін өте маңызды және рейтингіңізге әсер етуі мүмкін.

Берілген бағыт бойынша жүріңіз

Баратын жеріңізге бағыт алу үшін навигаторды пайдаланыңыз. Жолаушы талап етпесе, одан ауытқымаңыз.

Қолдау қызметі

Біз әрқашан жаныңыздамыз және кез келген сұрақтарға жауап беруге дайынбыз. Бүйірлік мәзір арқылы тәулік бойы жұмыс істейтін қолдау көрсету тобына хабарласуға болады.

Жүргізушілерге арналған жадынама

Көліктің іші мен сыртын таза ұстаңыз.

Салонда жағымсыз иістердің жоқтығына көз жеткізіңіз.

Көліктің техникалық жағдайын тексеріңіз.

Клиентке балалар креслосы, багаж орны немесе басқа нәрсе керек пе? Тапсырысты тек жолаушының өтінішін орындай алатын болсаңыз ғана қабылдаңыз.

Қайтаруға ұсақ ақша дайындаңыз.

Жолаушымен тек inDrive қолданбасының чатында сөйлесіңіз. Сапардың барлық қатысушыларының қауіпсіздігі үшін оның нөмірін сұрамаңыз және өз нөміріңізді бермеңіз.

Мейірімді және сыпайы болыңыз.

Өзіңіз қауіпсіздік белдігін тағып, жолаушылардан да солай істеуін сұраңыз.

Көлікте темекі шекпеңіз және телефонмен сөйлеспеңіз.

Төтенше жағдайда қауіпсіздік түймесін пайдаланыңыз — қолданбаның негізгі экранындағы жасыл қалқан.

Жолаушымен тек inDrive қолданбасының чатында сөйлесіңіз. Сапардың барлық қатысушыларының қауіпсіздігі үшін жолаушының нөмірін сұрамаңыз және өз нөміріңізді бермеңіз.

Баға туралы келісімдеріңізді сақтаңыз.