Жүргізушілерге арналған  «Комфорт» тарифінің ережелері

Кірісті көбейтіп, тапсырыстарды орындау үшін ережелермен танысыңыз

Көлігіңіздің сай келетінін тексеріңіз

Күжаттарда көрсетілген көлік құралының атын енгізіңіз

Автокөлік Комфорт тарифіне сай келеді

Ол тізімде көрсетілген жылдан ерте шығарылмауы керек

Мұндай көлік тізімде жоқ

Егер көлік тізімде болмаса, бірақ ол Комфорт тарифінің стандарттарына сай келеді деп ойласаңыз, қолдау қызметіне жазыңыз

Көлікке қойылатын талаптар

Талаптарды бұзсаңыз кері фототексеріске және ережелермен тағыда танысуға немесе «Комфорт» тарифінен шығарып тастауға әкеледі

Сыртқы күйі
1
Майыспаған және сызат түспеген
Көлік құралының сыртқы күйін нашарлататын қатты майысқан жерлері мен сызаттары болмауға тиіс
2
Сынықсыз терезелер мен фарлар
Алдыңғы, бүйір терезелері мен фарында сызат және сынықсыз болуы
3
Таза көлік
Көліктің әрдайым таза болуы. Жауын-шашында тұтқалары таза болса жеткілікті
Салонның күйі
1
Таза салон
Салонда, отырғыштар мен төсемшелерде кір, шаң мен қоқыс болмауға тиіс. Отырғыш тысын пайдалануға болады, олар тығыз киіліп тұруға және қауіпсіздік белдіктеріне жетуге бөгет жасамауға тиіс
2
Жеке заттар жоқ
Жеке заттарды жүксалғышта немесе қобдишада сақтаңыз.
Жеке заттарды жолаушы орындығына немесе аяқтың астына қоюға болмайды
3
Иіс болмауы керек
Автокөлікте жаман иіс болмауы керек және күшті иістерден аулақ болған дұрыс
4
Жұмыс істейтін қауіпсіздік белдіктері
Қауіпсіздік белдіктері жұмыс істеп тұруы және барлық жолаушы отырғыштарында қол жететіндей болуы керек. Қауіпсіздік белдігінің ашасын пайдалануға болмайды
5
Жұмыс істейтін ауа баптағыш
Көлік құралының ауа баптағышы әрқашан да дұрыс жұмыс істеуге тиіс

Жүргізушіге қойылатын  талаптар

Рейтинг 4,8 не одан жоғары жүргізушілер Комфорт тарифін
пайдалана алады

1
Темекі тартуға болмайды
Салонның іші темекі сасымас үшін сапарбарысында не оның алдында темекі тартпау керек
2
Сыпайы болу
Сыпайы әрі доспейіл болуға тырысыңыз. Жолаушымен әрқашан сәлемдесіңіз, бірақ әңгіме бастамаңыз
3
Дәл мекенжайға бару
Әрқашан дәл мекенжайға жетіп, жолаушыны қолданбада көрсетілген мекенжайға түсіріңіз
4
Жол жүгін көтеруге көмектесу
Жолаушылардың барлығына жол жүгін алып-салуға көмектесу
5
Бейтарап музыка ойнату
Тек бейтарап музыканы орташа немесе ақырын дыбыспен ойнату
6
Дресс-кодты ұстану
Спорт киімін, жеңсіз жейде мен шәркей кимей, бейтарап дресс-кодты ұстану

Фотобақылау

Жақсы суреттердің мысалы
1
Нені суретке түсіру керек
Клиентілері бар алдыңғы және артқы орындықтар, айнық көрінетін салонның, 2 фотосуреті және сырттайнан көліктің 4 фотосуреті - әр жағынан бір сурет
2
Фотосуреттерге арналған ережелер
Фотосуреттер күндіз жақсы жарықта түсірілуі керек. Тегін автотұрақта фотосуреттер түсіруге кеңес береміз

Жиі қойылатын сұрақтар

Фототексерістен қаншалықты жиі өтуім қажет?
  • Салонның фототексерісі айына кем дегенде 2 рет жүргізіледі. Оның жиілігі жолаушылардың шолулары мен шағымдарына қарай әр түрлі болуы мүмкін.
  • Бет-жүздің фототексерісі айына кем дегенде 4 рет жүргізіледі. Оның жиілігі жолаушылардың шолулары мен шағымдарына қарай әр түрлі болуы мүмкін.
  • Салонның фототексерісі айына кем дегенде 2 рет жүргізіледі. Оның жиілігі жолаушылардың шолулары мен шағымдарына қарай әр түрлі болуы мүмкін.
  • Бет-жүздің фототексерісі айына кем дегенде 4 рет жүргізіледі. Оның жиілігі жолаушылардың шолулары мен шағымдарына қарай әр түрлі болуы мүмкін.
Мен көлік құралымды ауыстырдым, сондықтан
Комфорт тарифі бойынша жұмыс істегім келеді
«Комфорт» тарифін қолданбада автокөлікті ауыстыру туралы өтінім жіберу арқылы іске қосуға болады. Сондай-ақ фототексерістен өтіп, курсты оқу керек болады.
Менің көлік құралым Комфорт тізімінде жоқ
Біз Комфорт тарифі үшін қолданылатын көлік құралдарының тізімін үнемі жаңартып отырамыз. Тізім бірнеше талаптан құралады:
  • көлік құралы жасап шығарылған жыл
  • маркасы мен моделі
  • нарықтағы орташа бағасы