Сіздің қауіпсіздігіңіз біз үшін маңызды

Бұл үшін бізде қандай мүмкіндіктер бар екенін біліңіз

Қолданбаны жүктеу

Жүргізушіні рейтинг бойынша таңдау

Сапар алдында рейтинг негізінде жүргізушіні таңдау мүмкіндігі — inDrive-тың бірегей функциясы. Сапардан кейін басқа жолаушыларға таңдау жасауға көмектесу үшін жүргізушіні бағалаңыз.

Жүргузушіні тексеру және фототексеру

Әрбір жүргізуші inDrive-пен жұмыс істеуді бастамас бұрын міндетті құжат тексеруінен өтеді. Сондай-ақ біз тұрақты түрде фототексеру жүргіземіз.

Егер сізге басқа адам немесе басқа көлік келсе — тапсырыстан бас тартып, біздің қолдау қызметімізге хабарлаңыз.

Қауіпсіздік түймесі

Оның көмегімен қолдау қызметіне жылдам хабарласуға, бағытыңызды бөлісуге немесе полицияға қоңырау шалуға болады. Түйме жасыл қалқанға ұқсайды және қолданбаның негізгі экранында орналасқан.

Сапар бағыты

Бағытты жақындарыңызбен бөлісіңіз: олар жүргізуші мен көлік туралы ақпаратты көреді, сонымен қатар нақты уақыттағы қозғалысыңызды бақылай алады.

Сенімді контакт

Қолданбада жақын адамыңыздың телефон нөмірін сақтай аласыз, егер оқиға орын алса, біз осы контактімен байланыса аламыз. Контактіні кез келген уақытта, тіпті сапар кезінде де қосуға немесе өзгертуге болады.

Шұғыл қызметтерге қоңырау шалу

Төтенше жағдайлар кезінде түймені бір рет басу арқылы шұғыл қызметтерге хабарласыңыз. Мәселе туралы полицияға хабарлауды жеңілдету үшін қолданбада ағымдағы орын мен көлік нөмірі көрсетіледі.

Жүргізушімен чат

Бұл қауіпсіз байланыс әдісі: жүргізуші нөміріңізді көрмейді және сізбен сапардан тыс байланыса алмайды.

Қолдау қызметі

Сіз тәулік бойы жұмыс істейтін қолдау қызметіне әрқашан хабарласа аласыз — біз міндетті түрде көмектесеміз. Бізге қолданбадағы чатқа (бүйірлік мәзірде орналасқан) немесе support@indriver.com электрондық поштасына жазыңыз.

Қолданбаны жүктеу